«Технам 2002» ұшағы апатының себебі анықталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
10 тамызда апатқа ұшыраған «Технам 2002» ұшағының құлауына ауа ағыны себеп болған. Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, құрылған комиссия апаттың себебін ең аз мерзім ішінде анықтаған.
"Бізде Азаматтық авиация академиясы пайдаланып жүрген аэродромның орналасуына қатысты сұрақтар туындап отыр. Өйткені тексеру шараларының нәтижесінде аталған ауа ағындары үнемі қайталанып тұратындығы анықталды", деді министр.
Алматы маңында жеңіл, бір моторлы ұшақтың құлауынан ұшқыш пен курсант қаза тапқан еді. Алдын ала мәліметтер бойынша, таңғы сағат 09.53-те оқу-жаттығу тапсырмаларын орындау кезінде ұшып шыққан «Технам 2002» әуе кемесі Азем айлағынан 2 шақырым қашықтыққа құлаған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
20.10.2026 08:10
Семсерлесушілеріміз Мароккодағы әлем Кубогында топ жарды
19.10.2026 08:40
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40