|
15.12.2016 | 10:17
3098

Елімізде аналогты хабар тарататын 376 орталық жұмыс істейді

Елімізде аналогты хабар тарататын 376 орталық жұмыс істейді

Республика аумағының 95 пайызы екі жылдан кейін ғана отандық телеарналарды цифрлық сапада көре алады. Әзірге аналогты хабар тарататын 376 орталық жұмыс істейді. Олардың қамту аймағы 77,5 пайыз немесе 12 млн-нан астам адамды құрайды. Халықтың 95 пайызын телеарналардың цирфрлық жүйесімен қамту үшін тағы 827 радиотелевизиялық станса салынады. Жоспар 2018 жылы жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар "Отау Тв" жерсеріктік желісі Қазсат-3 жерсерігіне толық қосылды. Нәтижесінде, шамамен 4 миллионнан астам отандасымыз отандық телеарналарды жоғары сапада көру мүмкіндігіне ие болды. Яғни, жер серіктік телехабар тарату 100 пайызға орындалды. Сонымен қатар, кадрлар жылдамдығы да 1,3-тен 2,4 МегаБит секундқа дейін артты.


«Қазір біз толықтай оңтүстік аймақтарды цифрлық телевизиямен жабдықтадық. Маңғыстау, Алматы, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облысы 100 пайызға жақын деп айта аламын. Қалған 827 станция салынған соң 95 пайыз халық қамтылады»,- деді "Қазтелерадио" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары, Айдын БАЖИКЕЕВ.

Жалпы, Қазтелерадио кешеніндегі құрылғыларды жаңалап, қайта жабдықтау жұмыстарына 1 млрд. 600 млн. теңге жұмсалған. Нәтижесінде, кешен әлемдегі ең сапалы хабар тарату орталықтарынан кем түспейді. Алдағы жылы 127 цифрлық эфирлік станция іске қосылады. Нәтижесінде, қамту үлесі 87 пайызға жетпек.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир