«Алматы» телеарнасы оңтүстіккореялық телекомпаниямен меморандумға қол қойды

«Алматы» телеарнасы оңтүстіккореялық телекомпаниямен меморандумға қол қойды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

2018 жылдың 25 шілдесінде «Алматы» телеарнасы мен оңтүстіккореялық KNN теле-радио тарату компаниясы іскерлік және мәдени байланыс жөніндегі меморандумға отырды.

Телеарналар ақпараттық және шығармашылық контентпен алмасуды жоспарлап отыр.

Мұндай әріптестік екі ел арасындағы экономикалық байланысты нығайтып, медицина, туризм және мәдениет салаларын дамытуға септігін тигізеді.

«Алматы» телеарнасы үшін меморандумға қол қою – маңызды оқиғалардың бірі. Бұл – тәжірибе жинап, шетелдік көрермендердің сеніміне кірудің және өз көрермендерін шетелдің танымал телесериалдарымен және тележобаларымен қуантудың зор мүмкіндігі.

АНЫҚТАМА:
KNN телеарнасы 4 миллион халқы бар Пусан қаласында эфир таратады. Бұл көлемі жағынан Оңтүстік Кореядағы екінші қала. Ал, телеарна Оңтүстік Кореядағы SBS (Seoul Broadcasting System) коммерциялық телеарнасының еншілес компаниясы. Тәулігіне 22 сағат эфир таратады.
Телеарна контентінің 33% – жаңалықтардан, 33% – деректі бағдарламалардан және 33% – ойын-сауық бағдарламалары мен телесериалдардан тұрады.

KNN өзі сериал түсірілімімен айналысады. KNN компаниясының құрамына POWER FM, LOVE FM радиолары кіреді.


«Алматы» телеарнасы – «Оңтүстік Астана» ТРК» АҚ эфирлік бренді. 1999 жылы қалалық телевизия базасында құрылған. 2010 жылы аймақтық арнадан республикалық телеарнаға түрленіп, 2016 жылдың ақпан айында өңірлерді тұтас қамтитын ұлттық цифрлық хабар таратушылардың тізімне енген. Қазір бізді «Отау ТВ» республикалық спутниктік телевизиясы арқылы Қазақстанның кез келген аймағындағы көрермен тамашалай алады. Одан бөлек, барлық кабельдік операторлар желісі арқылы хабар таратады.  
Тәулік бойы орташа хабар тарату уақыты – 19 сағат. Эфирден берілетін бағдарламалардың 55% мемлекеттік тілде көрсетіледі.

Новости партнеров