|
14.03.2018 | 17:00
4677

СДУ мен Алматы телеарнасы серіктестік туралы меморандумға қол қойды

СДУ мен Алматы телеарнасы серіктестік туралы меморандумға қол қойды

«Оңтүстік Астана» телерадиокомпаниясы» АҚ  мен Сүлеймен Демирел атындағы Университет «Алматы ТВ» телеарнасында университеттің 3-4 курстарына арналған Медиа Академияны құру туралы меморандумға қол қойды.

Қазақ телевизиясының 60 жылдығына орай «Алматы ТВ» арнасы Сулейман Демирел атындағы Университетімен Қазақстан Республикасындағы телевизиялық мәдениетті дамыту саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум шеңберінде «Журналист болғым келеді» атты байқауы жарияланды. Бұл жарысқа Қазақстан бойынша журналист болуды армандайтын түлектердің барлығы қатыса алады. Байқау жеңімпазына Сулейман Демирел атындағы Университеттің журналистика мамандығы бойынша білім гранты беріледі.

Сулейман Демирел Университетіның журналистика факультетінде білім алып жатқан  студенттерге телевизия саласында өндірістік тәжірибеден өтуге мүмкіндік туады.  Осы жылдан бастап Сүлейман Демирел атындағы университетте «қосарлы» оқыту жүйесі (дуалды білім беру) іске қосылады.

Серіктестіктің мақсаты:

- дуалды білім беруді дамыту арқылы тиімді ынтымақтастықты орнату;

Миссия:

Келісім аясында тараптар екіжақты серіктестіктің нақты мүмкіндіктерін анықтап, бірлескен инновациялық жобаларды дайындау;

- тележурналистика саласында білім беру деңгейін көтеретін шығармашылық әрі пәндік жарыстар ұйымдастыру;

- түрлі тренингтер, семинарлар мен шеберлік сыныптарын ұйымдастыру;

Мақсатты аудитория:

- Сүлеймен Демирел атындағы Университеттің журналистика факультетінің түлектері мен студенттері;

- «Алматы» телеарнасының мамандары;

- Сүлейман Демирел атындағы Университеттің оқытушылары.



Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир