Алматыда арықтан 26 жастағы қыздың денесі табылды

Алматыда арықтан 26 жастағы қыздың денесі табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда арықтан 26 жастағы қыздың өлі денесі табылды. Мәйіт әл-Фараби даңғылы мен Шашкин көшесінің жанындағы арықтан табылған. Ішкі істер департаменті өкілдерінің мәліметінше, 1992 жылы туған бойжеткеннің денесінен азаптап өлтіру белгілері байқалмаған. Алдын-ала болжам бойынша, марқұмның жүрегі тоқтап қалған болуы мүмкін.

«Оның денесін қарау барысында сот сарапшылары қандай да бір азаптап өлтірудің белгілерін тапқан жоқ . Яғни, ол адамның өз өлімімен өлуі мүмкін деген болжамымыз бар .Қандай да бір денсаулығына байланысты . Бұл тек біздің пайымдауымызша ғана. Өлімнің нақты себеп салдары сот медициналық сараптамасының нәтижесінде белгілі болатын болады. Оның туған - туысқандарына хабар дер кезінде айтылған болатын», – Алматы қаласы ІІД ресми өкілі Салтанат ӘЗІРБЕК.


Новости партнеров