Павлодарда шақалақтың өлі денесі табылды

Павлодарда шақалақтың өлі денесі табылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда аула сыпырушы полиэтилен пакеттен шақалақтың өлі денесін тауып алды. Мәйіт 1-ші Мамыр көшесінде орналасқан көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің ауласынан табылды. Куәгерлердің сөзінше, аула тазалаушы әдеттегідей таңертең көшені сыпыруға шыққан. Кейін орындықтың астынан пакетті алып тастамақ болыпты. Оның ішін ашып қарағанда шақалықтың өлі денесін көрген. Ол уақыт жоғалтпастан бірден полицияға хабар беріпті. Әзірге жатырға біткеніне 4-5 ай ғана толған нәрестенің шешесі кім екендігі анықталған жоқ. Тіпті ұрықтың жынысын да анықтау мүмкін болмай отыр. Қазір аталған дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.

«Павлодар қаласы 1 Май көшесіндегі үйлердің бірінен полиэтилен пакетке салынған адам ұрығы табылды. Шамамен 4-5 айлық. Қазіргі кезде бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Сот медициналық-сараптама тағайындалды»,- деді Павлодар облысы IIД баспасөз қызметінің басшысы, Баян МАҒЗҰМОВА.


Новости партнеров