Теміртауда қарақшы кассаға баса-көктеп кіріп, бір бума ақшаны алып кетті

29.08.2017 11:30

Теміртауда қарақшы кассаға баса-көктеп кіріп, бір бума ақшаны алып кетті. Несие беру бөлімшесіне ер адамның шабуыл жасағаны бейнебақылау камерасына жазылған. Жас жігіт кассаға кіріп, есікті ашпақшы болған. Одан нәтиже шықпаған соң ұры терезені шағып, кассадағы 174 мың теңгені қолды қылған. Қарақшыны тоқтатпақшы болған кассир қызды жеңінен үлкен пышақ алып шығып, бауыздаймын деп қорқытқан. Бейне бақылауға тек оқиға ғана емес қарақшының сөздеріде жазылып қалған. Полицияның мәліметінше, жедел іздестіру шарасы барысында қаскөй қолға түсіп, қамауға алынған. Оның үстінен қылмыстық кодекстің 192 бабының 2-тармағы бойынша іс қозғалған.