Қазақстанда доллар тағы да қымбаттады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы мен Астана қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 375-376 теңгеден сатылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik.
Бүгін өткен Қазақстан қор биржасының таңғы сессиясынан кейін доллардың орташа бағасы 371,80 теңгеге тұрақтады.
Өткен күнмен салыстырғанда ұлттық валюта 2,48 теңгеге арзандады.
Ең төмен курс 370,60 теңге, ал ең жоғары курс 372,16 теңгені құрады. Нәтижесінде сессия кейінгі бағамен жабылды.
Валютаға қатысты 256 келісім тіркелді. Кurs.kz сайтының мәліметінше, Алматы мен Астана қалаларының ақша айырбастау пунктілері долларды 375-376 теңгеден сатып жатыр.
ҚР Ұлттық банктың ресми бағамы бір доллар үшін 369,89 теңгені құрады.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
02.11.2026 08:11
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52