Қазақстанның айырбастау пункттерінде доллар 367 теңгеден немесе одан жоғары бағамда сатылып жатыр.
Қазақстанның ұлттық валютасы құлдырап барады. 14 тамызда көптеген айырбастау пунктінде доллар 367 теңгеден сатылуда. Кейбір жерлерде тіпті6 368-369 теңге бағамды ұсынып отыр, деп хабарлайды Sputniknews cfqmnsрталы kurs.kz сайтына сілтеме жасап.
Дүйсенбі 13 тамызда KASE Қазақстанның қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессиялар бойынша доллар құны 363,22 теңге болған.
Ал Ұлттық банктің 14 тамыздағы бағамы – бір АҚШ доллары үшін 363,2 теңге.
Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы сауалнамасының дерегі бойынша, сарапшылардың пікіріне сүйенсек, тамыз айының соңында доллар бағасы 350,3 теңгеге түсуі мүмкін.