Төменгі палата депуттаттары «Қару саудасы туралы шартты» ратификациялады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздегі қорғаныс-өндірістік кешендерінің 50 пайызы экспортқа бағытталған. Оның көлемін арттыру да көзделіп отыр. Төменгі палата депуттаттары «Қару саудасы туралы шартты» ратификациялады. Қазақстан қару-жарақ тасымалы бойынша 7 мемлекетпен серіктестік құрған. Жауапты ведомоства осы тұста, экспорт көлемінің артып келе жатқанын мәлімдеді. Депутаттар мақұлдаған құжат қару-жарақ тасымалына еш қайшы келтірмейді. Өйткені барлығы халықаралық келісім мен стандарттарға негізделген.


«Елбасы, жоғары бас қолбасшы, сіздерді алып сату жауапкершілігінен босатты. Біріншіден, әскери адам Отанын қорғаумен айналысу керек. Сол үшін де Қорғаныс министрлігі құрылды. Ал қазір біз қару-жарақ саудасы жайлы айтып жатырмыз. Бұл мәселемен қорғаныс және ғарыш өнеркәсібі министрлігі айналысу қажет», - деді Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Бақытжан ЕРТАЕВ.

 

«Ескертуіңіз орынды. Бұл мәселемен біздің ведомоства айналыспауы қажет. Бірақ барлық халықаралық келісімдер мен жоспарларға Қорғаныс министрлігі бекітілген. Барлық жерде орындаушы ретінде біз қалып қойғанбыз. Жұмысты бітіріп қалдық», - деді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат МҰХТАРОВ.

 

Айта кетейік, қару-жарақ саудасы  жөніндегі келісімге 2013 жылы Нью-Йоркте қол қойылған еді. Ол халықаралық стандарттарға сай қарапайып қару саудасы айналымын бақылауға және заңсыз сауданы түбімен жоюға негізделген. 


Новости партнеров