Қазақстанда дизель отыны тапшы болмайды

10.11.2017 23:00

Қазақстанда дизель отыны тапшы болады деген ақпаратты Ұлттық компания жоққа шығарды. Өйткені, қыс қарсаңында Ресейден 90 мың тонна дизель импортталмақ. Еліміздің үкіметі мен Қазмұнайгаз» басшылығы осылай келісіпті. Көрші елден тасымал «Қазмұнайгазөнімдері» желісі бойынша жүзеге асырылады. Көлік отынының тағы бір бөлігі жеке компаниялар арқылы жеткізілмек. Отын бірінші кезекте, қысы суық, аязды өңірлерге, яғни Солтүстік және Орталық Қазақстанға әкелінеді.

«Ресей Федерациясынан 90 мың тонна дизель отыны импортталады. Бұның қазір алғашқы кезде 9 мың тонна Ресейден Қазақстанға артылды. Бұл бастап Солтүстік жән Орталық Қазақстан өңіріне кіреді. Бұл дизель отыны - қыстық дизель отыны. Сондықтан, маусымдық салқындауға байланысты, бұлар әуел бастан солтүстік өңірілерге ғана келеді. Оңтүстік өңірлері Шымкент зауытынан алады»,-деді "Қазмұнайгазөнімдері" қорларды басқару және логистика департментінің орынбасары, Мағзат ДӘУЛЕТИЯРОВ.