Алматыда «барахолка» өртеніп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Алматы «барахолкасынан» тағы да өрт шықты. Тілсіз жау бүгін кешкі сағат 17.00 шамасында тұтанып, «Байсат» базарының сауда нүктелерін шарпыды.
Лаулап жанған жалын маңына ешкім жолай алмаған. Тек тауарларын қызғыштай қорғаған саудагерлер сан соғып қалды. Өрт сөндірушілер отты ауыздықтауға тез келген. 18 техника мен 60 адам жабылғанмен, базардың 90 шаршы метр аумағы өртеніп кетті.
Өрттің себебі қазірше белгісіз. Саудагерлерге келтірілген шығын да алдағы уақытта есептелетін болады. Бір анығы – бұл базарда халық тұтынатын тұрмыстық тауарлар сатылған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
08.11.2026 12:50
Алматыда 9-15 қараша аралығында ауа райы қандай болады
08.11.2026 09:21
Ішкі үйлесімге көңіл бөліңіз: 7 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
07.11.2026 09:55
7 қарашаға арналған валюта бағамы
07.11.2026 09:01
8 қарашаға арналған валюта бағамы
08.11.2026 09:00