Өрт сөндірушілер Кемероводағы ойын-сауық орталығындағы өртті сөндірді, жалын 1,6 мың шаршы метрге шарпыды
Ресейдің Кемерово қаласында "Зимняя вишня" ойын-сауық орталығындағы өрттің салдарынан 64 адам қаза тапты, оның ішінде тоғыз бала бар, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Өрт кезінде 45 адам зардап шекті. Жоғалғандардың туыстарының арызы бойынша 64 адам із-түзсіз кеткен.
Қызыл жалын сөндірілгеніне қарамастан, өрт сөндірушілер жұмысын жалғастырып жатыр. Ғимарат құлауы мүмкін.
"Қазіргі таңда өртті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, қабатаралық жабындар… отырып қалды, соған байланысты оның опырылып құлау қаупі туындап отыр", — деді ТЖМ басшысының орынбасары Владлен Аксенов.
Өрт болған жерде 663 адам мен 123 техника жұмыс істеп жатыр.
Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасына берілетін көмектің көлемі туралы шешім бүгін қабылданады.