Ақтөбе облысында футбол добына 3 метрлік ескерткіш орнатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Ақтөбе облысының Алға қаласында футбол добының ескерткіші пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Тұғырға орнатылған алып ескерткіш түріндегі футбол добының биіктігі 3 метр, ені – 2 метр. Бүгінгі күні ескерткіштің өзі ғана тұрғызылғанымен, жан-жағы әлі абаттандырылып үлгермеген. Ескерткіш құрылысының құны 1 млн теңгені құраған. Алып доп ауылдағы спортты дамыту мақсатында жергілікті кәсіпкердің қаржысына салынған.
«Біздің басты мақсатымыз – аудан жастарын спортпен айналысуға қызықтыру, тарту. Аумақты абаттандыру, жарықтандыру, ескерткіш айналасына орындықтар мен арнайы жабындылар орнату бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр», – деді Алға ауданы әкімінің орынбасары Әнуарбек Қонжар.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
15.11.2026 11:50
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
15.11.2026 15:54
Күн сайын қанша жұмыртқа жеген дұрыс
14.11.2026 12:38
Алматыда көппәтерлі тұрғын үйлерді жаңарту жұмыстары жалғасуда
15.11.2026 10:46