Күні кеше Тараздағы «Атлетик» спорт кешенінде намаз оқып тұрған шәкірттерін бөлмеден қуып шығып, жайнамазды тепкен спорт жаттықтырушысы көпшіліктен кешірім сұрады, деп хабарлайды ult.kz.
Есте болса, кеше Facebook әлеуметтік желісінде бапкердің шәкірттерін ұрысып-балағаттап, олардың намаз оқуларына кедергі келтірген видеоролик тараған болатын. Артынша бұл оқиғаның Жамбыл облысында болғаны анықталды. Кейін облыстық спорт басқармасының басшысы ұстаздың қызметтен қуылғанын мәлімдеді.
Бүгін жаттықтырушы Алмат Баевтов өзінің кінәлі екенін айтып, көпшіліктен кешірім сұрады. Ал Жамбыл облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәлиұлы бапкердің әрекеті заң аясында тағы қаралатынын айтып отыр.