3 павлодарлық Мемлекеттік кірістер департаменті атынан чек арқылы сыйлық алды

3 павлодарлық Мемлекеттік кірістер департаменті атынан чек арқылы сыйлық алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Павлодарда «Чек талап ет, сыйлық ұтып ал» акциясына қатысқан өңірдің үш тұрғыны шілде айының қорытындысы бойыншажеңімпаз атанып, шәйнек, үтік және блендерді сыйлыққа алды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ведомствоның мәліметінше мамыр айынан бастап Ертіс өңірінің тұрғындары 52 мың 112 чек жіберген.


«Аталмыш акйия жыл сайын өткізіліп тұрады. Бұл тұрғындар арасында чек талап ету әдетін қалыптастыруға көмектеседі. Қатысушылар чектерді Wipon мобильді қосымша арқылы жібереді. Ал жеңімпаздарды олардың жолдаған чектерінің саны мен соммасы арқылы емес, кедейсоқ тәсілмен арнайы жүйе анықтайды. Осылайша, Май ауданының тұрғыны Гаухар Нұралина 26 чек қана жіберіп бірінші орынға ие болды. Ал, 167 чек жолдаған павлодар қаласының тұрғыны Қымбат Әбілшайықова екінші орынды жеңіп алды. Үшінші орында 243 чек жіберген Ербол Кәрімбергенов. Сондықтан да, көбірек чек жіберсеңіз, ұту мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Әбілшайықовтардың отбасы акцияға алғашқы рет қатысып отыр», - деді камералды басқару басқармасының жетекшісі Ғалия Сембаева..


«Акция туралы теледидардан естідік. Кейін өзіміз де бақ сынап көрейік деп әулетімізбен чектерді жинай бастадық. Сауда жасаған сайын чек талап етеміз. Мемлекеттің қазынасы салықтан жиналады, сондықтан да соған өз үлсімізді қосамыз деп ойлаймыз. Осымен тоқтамай әрі де чек жіберуді жалғастыратын боламыз», - деді Бақтыбай Әбілшайықов.  

Айта кету керек, акция екі деңгейде өтеді.  Бірінші мемлекеттік кірістер департаменті жанында облыс деңгейінде және Астана мен Аламаты қалаларында, екіншісі комитет жанында республикалық деңгейде өтеді.  Бірінші деңгейде сыйлықтарды ойнату және жеңімпаздарды анықтау мамырдан бастап қарашаға дейін ай сайын өтеді. Акциясы гранд мәресі мемлекеттік кірістер комитетінде ағымдағы жылдың соңында өтіп,  бас жүлде – автомобиль ойнатылады.  


Новости партнеров