Астанада созылмалы ауруларды емдейтін алғашқы орталық ашылды

Астанада созылмалы ауруларды емдейтін алғашқы орталық ашылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елордалық дәрігерлер артрит, артроз, ағзаның ойылуы және сақина ауруларын сәтті емдеп шықпақ. Оған Астанада ашылған алғашқы созылмалы аурулар орталығы сеп болады. Мәскеуден білікті мамандар дәрігерлерге білгенін үйретіп, шеберлік сағаттарын өткізеді. Қазірдің өзінде 20-дан астам адамға қажетті ем көрсетілген.

Ота блогы. Хирургиялық үстелде 50 жастағы Жасұлан Жаманбаев. Бірнеше жылдың көлемінде оны бел ауруы мазалап келген. Бірақ қазір Жасұлан спортпен айналысып, суда жүзіп, тіпті мерекелерде билей алатынына қуанышты.

«Ауруым болмаған секілді. Қазір емін-еркін қозғалып жүрмін. Денсаулығымның жақсарғанын байқадым. Өзімді сергек сезініп жүрмін», - деді қала тұрғыны Жасұлан ЖАМАНБАЕВ.

Созылмалы ауруларды емдейтін орталық әзірге Қазақстанда ашылған жалғыз мамандандырылған клиника. Мұнда науқастарды дәрімен, массажбен емес, азинвазивті кедергі келтіру арқылы емдейді. Мамандардың айтуынша, бұл әдіс халықаралық талаптарға сай.

«Бірінші пациентті біз өткен сенбіде қабылдадық. Осы кезге дейін шамамен 20 шақты адамға көмек көрсеттік. Әдетте мұндай орталық күніне 30-40 науқасты қабылдауға қауқарлы», - деді Ресей Федерациясы Президенті жанындағы ауруды бақылау клиникалық ауруханасының  жетекшісі Павел ПОРТНЯГИН.

Мұндай клиникалар әлем бойынша танымал. АҚШ-та олар 60-жылдарда ашылса, көрші Ресейде 70-жылдардан бері бар. Жергілікті дәрігерлер осы орталықтың көмегімен артрит, артроз, омыртқаралық жарықты, бас сақинасын, арқа, мойын, белдегі ауруларды, тіпті онкологиялық жағдайдайда аяқ ауруын да емдеуге ниетті.

«Созылмалы ауруларды емдейтін орталық - шетелдік үлгідегі емдеу орны. Яғни ол жақтарда ауруды басқару мен ПН-менеджмент өте танымал мамандық болып есептеледі. Әлемдік тәжірибе бойынша бұл саламен анестезиолог дәрігерлер айналысады», - деді анестезиолог-реаниматолог Жаннұр ҚАЛИҒОЖИН.

Орталық мамандарының айтуынша, ауру сырқаусыз қалыпты өмірге оралу оңай. Ол үшін дәрігерлерге ауру синдромын алу үшін аз ғана уақыт жеткілікті.

Азамат Әуезхан, Олжасбек Мәден, «Алматы» телеарнасы Астанадан


Новости партнеров