«Цифрлық Қазақстан» жобасын жүзеге асыру үшін 300 млрд теңге қаржы керек

«Цифрлық Қазақстан» жобасын жүзеге асыру үшін 300 млрд теңге қаржы керек
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Цифрлық Қазақстан» жобасын жүзеге асыру үшін 300 млрд теңге көлемінде қаржы керек. Мұны Үкімет қабырғасында өткен жиында Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты. Министр 169 млрд көлеміндегі қаржы квазимемлекеттік сектордан, ал 141 млдр теңге республикалық бюджеттен тартылады, деді. Жоба 2025 жылға қарай өз нәтижесін береді, әрі жұмсалған соманы қайтаруға мүмкіндік туады. Ведомство басшысы сандық форматтың артықшылықтарына тоқталып өтті.

«Бұл еңбек өнімділігін өсіру. Осының ішінде 5-6 индикатор қойып отырмыз.Ол әр салада.Ол ауылшаруашылығын, транспорт болсын. Солардың бәрін есептеп біздің ойымызша бұл 30-35 пайызға дейін өсу деп отырмыз. Сонымен қатар, тағы бір маңызды мәселе - ол жұмыс орындары. Біз 300 мыңға дейін жұмыс орындарымен қамтамасыз етеміз», - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен АБАЕВ.

Министр сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдары саласында кей шетелдік телеарналарға тосқауыл қою мәселесіне тоқталды. Айтуынша, шектеу қою көзделіп отырған жоқ. Тек Ресейдің кейбір арналары елімізде таратылу үшін белгіленген тариф көлемін көтеруді көздеп отырған көрінеді.

«Қазіргі кезде осыған байланысты келіссөздер жүргізіліп жатыр. Бұл телеарналар мен жеке кабельдік байланыс операторлары арасындағы  мәселе. Бастысы кей арналар Қазақстан Республикасы көлемінде өнімдерін көрсетуге рұқсат беру үшін тариф көлемін ұлғайтпақ. Білуімше, ол НТВ мен Россия отбасылық телеканалдары», - деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен АБАЕВ.


Новости партнеров