|
23.06.2018 | 11:49
2328

1 шілдеден Қазақстанда амбулаториялық карта жойылады

1 шілдеден Қазақстанда амбулаториялық карта жойылады

Шілденің бірінен бастап Алматы мен Астананың емханалары мен стационарлық емдеу мекемелері амбулаторлық  қағаз карталардан бас тартады. Денсаулық сақтау жүйесін цифрландыру бойынша іске асқан жоба енді түгел елді қамтымақ. Қағаз бастылықтан арылу жобасы күні бүгінге дейін Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Батыс-Қазақстан, Оңтүстік, Маңғыстау, Солтүстік аймақтарға рет-ретімен қолданысқа енген болатын. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев мәлімдеді.

«Пилоттық жоба аясында Алматы мен Астана, барлық аймақ қағаз жүйесінен толық құтылады. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап, мемлекеттік тегін медициналық көмекті іске асырып отырған барлық медициналық мекемелер жазбаларды ақпараттық жүйеге енгізеді. Азаматтар амбулаторлық карталарын тасымайды. Тек жеке куәлік болса болғаны»,-деді ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Олжас ӘБІШЕВ.

Сонымен қатар Олжас Әбішев медициналық қызметтер де онлайн көрсетілетінін жеткізді. Электрондық Үкімет порталы арқылы азаматтар дәрігер қабылдауына үйде отырып-ақ жазылуға мүмкіндігі алады. Қажетті ақпардың барлығы ұялы телефонға хабарлама түрінде келіп тұрады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир