Түлектер ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыра алады

Түлектер ҰБТ-ны ағылшын тілінде тапсыра алады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл Ұлттық біріңғай тестілеуді 126 оқушы ағылшын тілінде тапсырады. Бұл жылдағы білім деңгейі жоғары оқу орнында ақылы я тегін оқуға мүмкіндік беретін шараның осы жылдағы жаңашылдығы. Білім министрлігінің бұл қадамы көпшілікті ойландырып тастады. Ана тілінде әрең тапсыратындар өзге тілде қалай жауап береді екен деген сұрақ бар арада. Алайда, ведомство бұл шешім әр түлектің өз еркінде дейді.

Мектепті бітіруге сәл-ақ қалған Фатима Ерғалиева талай мұғалімдер ескерткен Ұлттық біріңғай тестілеуіне 10-шы сыныптан бастап тыңғылықты дайындала бастаған. Өмірінің ең маңызды шағында «ақырын жүріп, анық басқан» жөн дейді. Сондықтан күндіз сабақта алдағы тестті пысықтаса, кешке үйде қайталаудан ерінбейді. Бірақ сонда да қобалжу бар екендігін жасырмайды.

«ҰБТ дайындықты мен өткен жазда бастаған болатынмын. Яғни, жаз айының 3-ші  айынан бастап. Содан бері дайындалуды тоқтатқан емеспін. Дайындығым қазір өте жақсы деп есептеймін. ҰБТ науқаны жақындаған сайын, әрине, қорқыныш та күшейе береді. Қолбалжу да күшейеді», - деді Астана қаласы №73 мектеп-лицейінің оқушысы Фатима ЕРҒАЛИЕВА.

Фатима оқитын №73 мектеп-лицей мұғалімдері өткен жылы тестілеудегі реформадан кейін айтарлықтай өзгеріс - оқушылардың енді тестті қазақ және орыс тілінінен бөлек, ағылшын тілінде жауап беру мүмкіндігін айтады. Жаһан көп тілділікке бет бұрғанда, бізде құр қалмауымыз керек, дейді ұстаздар.

«Біз әлемдік жаһандану мемлекетіне еніп жатқандықтан, алға қадам басып жатқандықтан, неге қолынан келсе, ағылшын тілінен тапсырмасқа?! Тапсырып жатыр оқушыларымыз. Көріп жүрміз ағылшын тілінен IELTS тапсырып жатқанын. Егер бала қолымнан келеді, осыны тапсыра аламын десе, бала тапсыра алады», - деді Астана қаласы №73 мектеп- лицейінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі Қалданай БЕКПАРОВА.

Ал осы білімді айқындайтын тест сұрақтарын шығаратын мекеме басшысы бүгінде еліміз бойынша 100-ден аса оқушы «Шекспир» тілінде жауап қатуға дайын екендігін білдірген. Бірақ ешкімді күштеп ағылшынша тапсыруға мәжбүрлеу жоқ. Әркімнің өзі еркі деген Ұлттық тестілеу орталығының басшылары 10  маусымға дейін кімнің қай тілде тапсырғылары келетіндегі нақтыланады, дейді. 

Жалпы, осы жылы оқу бітіретін 140 мың түлектің 70 пайызы Ұлттық тестілеуге сақадай сай екендігі білдірген.  

«Қазіргі таңда ағылшын тілінде ҰБТ тапсырам деген оқушылардың саны - 126. Оқушы, түлек биыл ағылшын тілінде ҰБТ тапсырам деп, үміттеніп отыр. Ол бірінші енгізіліп жатқаннан кейін, біздің ойымызша жақсы көрсеткіш. 100-ден  астам түлектер ағылшын тілінде өз еркімен тест тапсырамыз деп отыр», - деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан ӘЛІМҚҰЛОВ.

 Мамандар 3000 мыңнан тұратын тест қоры 50 пайызға жаңарғанын айтады. Демек, ешқандай ортада жүретін «жауап сатушылар» өз арам пиғылдарын жасай алмайды екен. Бұған жауапты министрлік өкілдері де сенімді.

«Сұрақтары мемлекеттік құпияға жатады. Сондықтан мұндай мәселелер болса, әрине, біз құптамаймыз және ол мүмкін емес. Өйткені, бұл сұрақтарды тауып алу мүмкін емес. Сондықтан балаларға тек қана өзінің біліміне ғана, өзінің дайындығына ғана үміттену керек. Сондықтан жаңағындай әртүрлі мәселелерді «әрине» деп растай алмаймыз», - деді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат АЙМАҒАМБЕТОВ.

Еліміз жылдағы маңызды шараға тыңғылықты дайындалуда. Ұлттық тестілеудің жөнді өтуіне 2018 жылы 1,3 триллион теңге бөлінбек. Бұл қаржының біраз бөлігі республика бойынша 160 тест қабылдау бөлімдеріне, оның дайындығына жұмсалатын болады


Новости партнеров