Тұрғын үй нарығында жеңілдіктер маусымы басталды

Тұрғын үй нарығында жеңілдіктер маусымы басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Тұрғын үй нарығында жеңілдіктер маусымы басталды. Жылжымайтын мүлік сатушылар үй бағасын төмендетіп, қазақстандықтарды белсенді саудаға тартып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда баспана бағасы төмендеп келеді. Ең жоғары баға түсімі жаңа үйлерде болған. Мұндай көрсеткішке не түрткі болды? Жылжымалы мүлік тұрғысында болып жатқан өзгерістерді экономист Бекнұр Қисықовтан сұрап білсек.

«Экономикалық толқынға қарасақ, 2013 жылы мұнай бағасы өте жоғары болды. Мұнай бағасы 2015-2016 жылдардан бастап түсіп келе жатыр. Сондықтан біріншіден, мұнай бағасы. Екіншіден, пәтерлер саны өте көп өсіп кеткен. Үшіншіден, қаржы жағынан қарасаңыз, бұрын ипотеканы халық алып,сондай ажиотаж болды. Сол кезде баға қатты өсіп кетті. Қазіргі таңда ондай ажиотаж жоқ. Көбісі ипотекаларын төлей алмай жүр. Мысалы, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ипотеканы төмен пайызбен беріп тұрғандықтан, соның бәрі тұрғын үй бағасына әсер етіп тұр. Құрылыс компаниялары үйлерді көптеп салып жатыр. Осындай жағдайлар тұрғын үй бағасына өз әсерін беріп тұр. Жаңа үйлер бір бағамен тұрса, екінші нарық қатты өсіп кеткен. Бізде баға өте қымбат. Бізде банктік дағдарыс та болып жатады. Сондықтан ақша да жетіспей жатады. Ипотекалар көп жерлерде берілмей жатыр. 2013 жылға дейін ипотека жақсы берілді. Содан кейін берілмей кетті.  Ипотеканы тұрғындардың 10-20 пайызы ала алатын шығар. Ал басқалары ала алмайды. Осы мәселелер тұрғын үй бағасына әсер етіп тұр. Алматыда 2 бөлмелі пәтердің бағасы орташа есеппен 50-70 мың доллар делік. Басқа өңірлерде, мысалы, Қызылорда, Шымкентте, Қарағандыда 30-40 мың доллар тұруы мүмкін. Алматыда баға өте жоғары», - деді экономист Бекнұр ҚИСЫҚОВ.


Новости партнеров