Елімізде жаңа аумақтық-әкімшілік бірлік жаңа облыс пайда болды. Мемлекет басшысының пәрменімен Түркістан облысы құрылды. Ал Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебе берілді. Енді оңтүстіктің облыс орталығы Түркістан қаласына көшіріледі. Нұрсұлтан Назарбаев әкімшілік аумақтың құрылымына өзгеріс енгізу арқылы өңірдің өркендеуіне жол ашылатынын айтты.
«Тәуелсіздік жылдарында Астана, екінші Шымкент 2 млннан аса халқы бар қала пайда болды. Мында облыстағы өнеркәсіп өндірісінің 60 пайызы Шымкентте шоғырланған. Шаһар еліміздегі жетекші сауда-өнеркәсіп және мәдениет ошақтарының бірі болып саналатынын білеміз. Қаланың осындай мүмкіндіктерін ескеріп, оған республикалық мәртебе беру жөнінде шешім қабылдадым. Ал облыс орталығы Түркістан қаласына көшіріледі. Қазақ хандығының ордасы болған, әрі рухани тағылым мол тарихты мекен. 20 ғасырдың басында қазақтың біртуар азаматтарының ел мүддесі үшін жүргізген саяси күресі де Түркістан атауымен тығыз байланысты болғанын білеміз»,-деді Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.