Түркияда жол апатына түскен отандастарымыз елге жеткізіледі

28.09.2017 22:37

Түркияда жантүршігерлік жол апатына түскен отандастарымыз ертең елге жеткізіледі. Олар санитарлық авиация көмегімен  Астанаға тасымалданады. Дегенмен, әуе кемесінің қай уақытта келетіні әзірге белгісіз. Отандастарымыз апатқа өткен аптада ұшыраған еді. Анталияда болған көлік оқиғасынан 3 қазақстандық  ауыр жарақат алған. Алайда жергілікті дәрігерлер оларға жедел көмек көрсетуге асықпады. Өйткені, шет елге өздігімен кеткен қазақстандықтар сақтандырылмаған екен.