Алматыда әскери жекпе-жектен «Ұлы дала ұландары» атты турнир өтті

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда әскери жекпе-жектен «Ұлы дала ұландары» атты турнир өтті. Жарыс ауған соғысының қаһарманы Борис Керімбаевтың жүлдесі үшін ұйымдастырылған. Сондай-ақ, шара еліміздің қарулы күштерінің 25 жылдығына арналып отыр.  Айта кетейін, турнирде ерлігі аңызға айналып, «Қара майор» деген лақап аты күллі аймаққа таралған Борис Төкенұлының өзі арнайы келді. Ол естеліктерімен бөлісіп, спорттық додаға қатысатын жастарға сәттілік тіледі. Ал ұйымдастырушылар турнирді жыл сайын өткізуді көздеп отыр.

«Бүкіл республиканың барлық аймақтарын қамтыған және Ауған соғысы ардагерлерінің төрағалары мен өкілдерінің барлығы келіп отыр. Бұл біріншіден мәңгілік елдің мақсат мұратына жетелейтін, жас ұрпақты отаншылдық, Отанға деген махаббатын оятуға Ұлы дала ұрандарының лайықты, артынан еретін ізбасарларын тәрбиелей білген тұлғаларды мақтан етерліктей үлкен керемет кеш болып отыр»,- деді Қазақстан Республикасы Парламент мәжілісінің депутаты, Бақытбек СМАҒҰЛ.


Новости партнеров