Пәтер кезегінде тұрған алматылықтардан құжат қабылдауды бастайды

06.01.2017 17:03

Алматы қаласының тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасы пәтер кезегінде тұрған алматылықтардан құжат қабылдауды бастайды. Тұрғындар өздерінің өтініштері мен құжаттарын 9 қаңтар мен 11 қаңтар аралығында e-gov.kz электрондық үкімет веб-порталы арқылы өткізе алады. Ол үшін Халыққа қызмет көрсету орталығынан электронды сандық қолтаңба алулары қажет. Құжат өткізетін тұрғындарға берілетін пәтерлер «Қазақстан ипотекалық компаниясы» арқылы жүзеге асады. Ипотекалық ұйым Алатау ауданына қарасты, «Ақбұлақ» ықшамауданында орналасқан 16 пәтерді үлестіруді жоспарлап отыр. Тұрғын үйдің шаршы метрі 1120 теңгені құрайды және 20 жылға жалға беріледі. Егер толығымен сатып алғысы келетіндер 5 жылдан соң үйді меншіктей алады. Бұл пәтерлер тұрғын үй басқармасында кезекте тұрған көп балалы отбасыларға, толық емес отбасыларға, мемлекеттік және әскери қызметкерлерге, жетім балаларға, 1-2 топтағы мүгедектер мен кембағал балаларды асыраушылырға қарастырылған. 


«Мемлекеттік қызметкерлер, бюджет саласында істейтін қызметкерлер жұмыс орнынан анықтама алады, істейді деген, айлық табысы туралы. Сосын жеке куәліктері, неке қиылу бала туылу. Егер ажырасқан немесе жалғыз бала тәрбиелеп отырған кісілер болса, онда ол кісілер натариустан куәлендірілген арыз алып келеді. Яғни, некеде жоқ деген. Халыққа қызмет көрсету орталығынан алатын құжаттар, ол Алматы қаласында тіркеуі бар деген және атында мүлік жоқ деген  анықтама алып келу керек»,- деді Алматы қаласы тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасының бас маманы, Әзірет ЕСЕЕВ.