|
21.06.2018 | 16:29
1214

ҰБТ-2018: Қазақстан бойынша екі адам медициналық көмекке жүгінді

ҰБТ-2018: Қазақстан бойынша екі адам медициналық көмекке жүгінді

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде Қазақстан бойынша екі адам медициналық көмекке жүгінді. ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМКҚ директоры Рамазан Әлімқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Біздің мәліметтерге сәйкес Қазақстан бойынша 2 адам медициналық көмекке жүгінген. Бірінші жағдай Әлфараби атандыға ҚҰУ-да орын алған. Жылқыбай Арыстан есімді түлек есінен танып қалған. Жедел жәрдем келгенге дейін медициналық пунктің мамандары оған алғашқы көмек көрсеткен, содан соң жедел жәрдем оны алып кеткен. Ал, мемлекеттік комиссияның шешімімен оған келесі топпен ҰБТ тапсыруға рұқсат берілді. Екінші жағдай Оңтүстік Қазақстандағы Сарыағаш қаласында болды. Мектеп бітіруші Тастан Ерболат есінен танып қалған. Медициналық пунктің мамандары жедел жәрдем келгенше оған алғашқы көмек көрсеткен. Жарты сағаттың ішінде есін жинаған түлек тест тапсыруға бел байлайды. Осы ретте, оның жоғалтқан уақыты шегерілмей, қосылып беріледі. Нәтижесінде ол ойдағыдай тест тапсырып шықты», - деді Рамазан Әлімқұлов.

Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ-ның алғашқы күні 13 897 түлек тест тапсырды. Олардың 15,5% немесе 2 102 адам шекті ұпайды жинай алмады.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

ҰБТ
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир