Алматыда Назарбаев даңғылының бір бөлігі бірнеше күнге жабылады, деп хабарлайды kt.kz.
«Осы жылдың 13 тамызынан сағат 11.00-ден бастап 17 тамызға дейін Назарбаев даңғылы бойынша орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетіндіктен, Сәтпаев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі көлік қозғалысына шектеу қойылады», – деп мәлімдеді қалалық әкімдік.