"Алматы" телеарнасы "Selfie-Сәлем" бағдарламасына қатысуға шақырады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
"Selfie-Сәлем" бағдарламасының ережесі
Ағайын-тумаңызды, достарыңызды, әріптестеріңізді туған күнімен, мерекемен, өзге де айтулы себептермен құттықтау, сәлем жолдау, ренжіскен жаннан кешірім сұрау, қызға сөз айту қабылданады;
1 минуттан аспау керек (мысалы, ән айтсаңыз 1 шумағы мен қайырмасын айтсаңыз жеткілікті);Тілектен кейін (яғни, сөзіңізді айтып болған соң) міндетті түрде өнер көрсету керек (өлең оқып, ән айтып немесе би билесеңіз, тіпті флешмоб ұйымдастырсаңыз болады);
Ұялы телефонды көлденең ұстап жазу керек (түсіріп тұрған адамның қолы дірілдемегені жөн);
Дауысы анық шығу керек;
Дөрекі қылық, ауыр сөз болса қабылданбайды;
Бағдарламаның эфирге шығатын уақытын демалыс күндеріне жоспарлап отырмыз. Сондықтан алдын ала қамданып, кем дегенде 1 апта бұрын сәлемдеріңізді біздің нөмірге жібергендеріңіз жөн. Кешіктіріліп жіберілген сәлемдеріңіз келесі бағдарламада шығады (яғни екі апта өткен соң).
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
20.10.2026 18:11
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
21.10.2026 08:10
Алматы пряниктен жасалған ертегі үйлер қаласына айналып келеді
20.10.2026 10:40
Президент 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдау жариялайды
20.10.2026 20:34