Алматыдағы ауруханалардың бірі сандық технологияға көшті

23.01.2018 20:56

Алматыдағы ауруханалардың бірі сандық технологияға көше бастады. Қазір дәрігерлер құрған арнайы бағдарлама мен құрылғының арқасында науқастардың ауру тарихы электронды түрде толтырылып жүр. Тыңнан түрен салған жобаға қазір өзге де облыстар қызығып отыр.

Алматыдағы нөмірі 4-ші аурухананың дәрігерлері «Авиценна» атты бағдарламаны 1 жарым жыл бұрын орнатыпты. 3 ай ішінде тілін ұғып, қазір сандық технологияның рахатын көріп отыр. Оның ерекшелігі сол, осыған дейін науқасты қабылдап, тиісті анализдер, ем мен ота тағайындауға бас-аяғы 3 сағат кеткен екен. Қазір бұл уақыт 45 минутқа дейін қысқарыпты. Өйткені, арнайы құрылғының көмегімен ортақ база түзіліп, дәрігерлер науқастың ауру тарихын электронды жүйеде көре алады. Яғни, бұрынғыдай уақыт жоғалтып, кабинет арасында сабылудың қажеттілігі жоқ. Ал, халыққа қабылдау бөліміне тек жеке куәлігін берсе жеткілікті. ¤

«Оталық блокқа барғанша ақпараттық жүйе "Авиаценна" арқылы жатады. Шамамен мынау өлшеммен мынандай темір бұған керек. Соның өзінде 5-6 минут ана жақта, соның бәрін санап келген кезде 40-45 минутқа біз кішкене тез жасап отырмыз. Осы бағдарламаның арқасында өлім 1,5 пайызға азайды.»,-деді Алматы қаласы №4 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері, Манат СЕЙДУМАНОВ.¤

Сондай-ақ, нөмірі 4-ші аурухананың қызмет көрсету сапасына науқастар электронды түрде дауыс бере алады. Кейін халықтың пікірі ескеріліп, кемшілік кетсе дереу түзеледі дейді дәрігерлер. Ал, айтар шағымы болса мынандай тақтайшада әрбір бөлімнің нөмірлері көрсетілген. Тіпті тегін психолог көмегіне жүгінуге болады. Одан бөлек, үлкен электронды табло арқылы халық еліміздегі тегін және ақылы көрсетілетін медицина қызметтері жайлы толық ақпаратты ала алады. Бұл да цифрландырудың арқасында науқастарға түсінікті болып отыр дейді бас дәрігер. Мұнда білезік арқылы көмектесу жүйесі жұмыс істейді. Онда үш сары, жасыл, қызыл түстерге бөлінген. ¤

«Егер өміріне қауіп төніп тұрса біз оған қызыл білезік қолына тағамыз. Ол қызыл білезік деп жатқанымыз науқасқа шұғыл түрде жедел-жәрдем көрсетуіміз керек. Ол науқасты шоковый зал бар сол жерге кіргіземіз. Ол жерде мультидиссепленарлы тексеру болады»,-деді Алматы қаласы №4 қалалық клиникалық ауруханасының трамватологы, Нұрдәулет ӨМІРБЕКОВ.¤

Есте болса, осыдан 2 жыл бұрын дәл осы ауруханада «Emergency room» жобасы жүзеге асқан болатын. Қазақстанда алғаш рет қолға алған жүйеге аурухана есебінен бас-аяғы 17 млн теңге жұмсалған еді. Қазір бұл ауруханананың жетістігіне республикадағы басқа да мекемелер қызығушылық танытып жатыр. Тіпті күні кеше Астанадан делегация келіп, озық тәжірибені өздеріне де пилоттық негізде енгізбек.

Жадыра Омаржан, Валерий Таубалдиев, «Алматы» телеарнасы