Универсиадаға дейін қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп жатыр

Универсиадаға дейін  қауіпсіздік ережелері түсіндіріліп жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Универсиадаға дейін  қауіпсіздік ережелері егжей-тегжейлі түсіндіріліп жатыр. Төтенше жағдай департаментінің өкілдері қонақүй қызметкерлеріне алғашқы көмектің қалай көрсетілуі жөнінде оқу-жаттығулар өткізді. Толығырақ тілші бейнематериалында.


Басты байлық - он екі мүшеңнің сау болуы. Алдымен қонақүй қызметкерлеріне теориялық дәріс оқылып, арнайы нұсқаулығы бар парақшалар үлестірілді. Содан соң олар тәжірибе жүзінде құтқару қызметінің оқу-жаттығуларымен танысты.


«Бұл жерде медициналық көмек, өрт және тағы да басқа төтенше жағдайлармен бетпе бет кездескен кезде өздерінің іс-қимылдары, қалай эвакуациялану керек, алғашқы көмектің қалай көрсетілу керектігі айтылады»,- деді Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі, Сандуғаш БАЙМҰХАМБЕТОВА.


Универсиадаға келген туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, маңызды міндеттердің бірі. Сондықтан, оларға қызмет ұсынатын қонақүйлер де кез келген жағдайға сақадай сай болғаны абзал. Қауіпсіздікті  бақылауда ұстайтын төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері қонақүй жұмысшыларына, алғашқы көмек көрсеткенде, абдырап қалмауға кеңес берді.


«Алматы қаласында универсиаданың жеті нысаны бар, облысты қосып айтатын болсақ жалпы саны тоғыз.  адам көп жүретін 254 нысан бар, оның бәрі қамтылып, оқу-жаттығулар жүргізілді»,- деді Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі, Сандуғаш БАЙМҰХАМБЕТОВА.  


Осы іспеттес, адамдарды нысан ішінен қалай эвакуациялау керектігі, арнайы техникалық құралдардың көмегімен, жаттығу жасау арқылы түсіндірілді. Аталмыш түсіндіру жұмыстары қаланың барлық аудандарында жүргізілмек.


Назкен Байтілес, Қанат Кигізбаев, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров