Универсиадаға санаулы күн қалды

Универсиадаға санаулы күн қалды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Универсиадаға небәрі 11 күн қалды. Ресми ашылу салтанаты қаңтардың 29-ы болса да, 28-і күні алғашқы жарыс басталады. Бұл күні  шайбалы хоккейден қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы Қытай және Ұлыбритания командаларымен кездеседі.


Ойынның оң нәтижемен аяқталуының 90 пайызы қақпашыға байланысты. Оның ептілігі мен барлық соққыны өзіне ала білуі хоккейдің алғышарты. Ал, қорғаушылар күшін шыңдап жатса, шабуылшылар шайбаны соғуды шарықтатуда. Күн сайын бір сағат жаттығу залында, үш сағат мұздың үстіндегі дайындық. Жұмыс күшейтілген тәртіпте жүруде. Әйелдер құрамасының сапында 25 қыз. Олардың орташа жасы 21. Гранадада өткен алдыңғы универсиадада қыздар құрамасы 6 орынға табан тіреген еді. Осы жолы жеңістен үмітті. Алайда, топтық кезеңде мықты Ресей мен Канада құрамаларымен кездесу өткізеді. Ойындар Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтеді.  

 

«Бұған дейін де Ресей мен Канада құрамаларымен ойын өткіздік. Әрине, жақсы дайындық қажет. Психологиялық дайындығымыз қалыпты деңгейде. Біз барлық қарсыластарымызға бірдей қараймыз. жарыс болғандықтан түрлі жайт болу мүмкін. Ал, жеңіске бірге жету үшін отандастарымызды ойындарға шақырамын. Көрерменнің қолдауы қашанда күш беретінін айтпаса да түсінікті»,- деді Қорғаушы, ҚР шайбалы хоккейден әйелдер құрамасының мүшесі, Ғалия НҰРҒАЛИЕВА.









Новости партнеров