Алматыда эскалатордан құлаған бала ауруханадан шығарылды

Алматыда эскалатордан құлаған бала ауруханадан шығарылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда эскалатордан құлаған бала ауруханадан шығарылды. Ол әлі өздігімен жүре алмайды. Жарақаттан толық айыққан жоқ. Бүлдіршін дәрігерлер бақылауында болады. Анасы оқыс оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

Айнұр Бекбасарова бұл күнді тағатсыздана күтті. Ана жүрегі 3 апта бойы алаңдаумен өткен. Ұлы Нұрғиса балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығына ауыр халде 3 апта бұрын жеткізілген. Сәби бір апта бойы жансақтау бөлімінде жатты. 

«Ол балада бас ми жарақаты болып бас миында қан ұйып қалып, сол балаға ота жасалынған. Осыдан 3 апта бұрын. Одан кейін кәрі жілікке ота жасалынды. Балада қосарланған әртүрлі жарақат болды. Бас миының жарақаты. Жаңағы сүйек сынығы. Іш пердесінің, кеуде қуысының соғуларымен. Бұл бала бізге өте ауыр жағдайда түскен болатын»,- деді Алматы қаласы балалар шұғыл медициналық жәрдем орталығы бас дәрігерінің орынбасары, Дінмұхаммед РУЗУДДИНОВ.

Өткен айдың ортасында қаладағы сауда үйлердің бірінде құлаған кішкентай бүлдіршіннің жағдайы елді елеңсіз қалдырған жоқ. Барлығы да баланың аман қалуына тілекші болды. Оқыс жағдай анасының әлі де көз алдында. 

«Үлкен қызымыздың туған күні болған сол кезде ойнатып төмен түсіп келе жатқан кезде. Коляскамен түсіп келе жатқанмын. Сол кезде коляскамен түсе берген кезде дөңгелегі эскалаторға тіреліп қалады да папасы маған көмектесіп жатқан кезде колясканы жұлқып итеріп жіберген еді. Бала 3 этаждан түсіп кетеді»,-деді Айнұр БЕКБАСАРОВА.

Нұрғиса бұл кезде әкесінің қолында болған. Арбаны итеріп жатқанда, абайсызда қолынан түсіп кетті-,дейді анасы. 3 қабатттан құлаған бала әлі де дәрігерлер бақылауында болады. Жарты жылдан кейін оған тағы бір ота жасалады.

Перизат Көмекбайқызы, Влад Шишко, «Алматы» телеарнасы



Новости партнеров