Үшінші дүниежүзілік соғыс басталатын орын аталды

Үшінші дүниежүзілік соғыс басталатын орын аталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ирак пен Сирияның бір бөлігін күшпен тартып алу арқылы күрд мемлекетін құру соғыс өртін тұтандыруы мүмкін.

Әскери ғылымдар докторы, Ресей зымыран және артиллерия ғылымдары академиясы президентінің орынбасары Константин Сивков Үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін негізгі орындарды тізіп шықты. Сарапшының мақаласын «Военно-промышленный курьер» газеті жариялады, деп хабарлайды Sputniknews.  

Маманның пікірінше, әскери қақтығыстар «батыс елдері қолдау көрсетіп жатқан өңірлік қайшылықтардың шиеленісуі арқылы күшейеді».

«Ирак пен Сирияның бір бөлігін күшпен тартып алу арқылы күрд мемлекетін құру соғыс өртін тұтандыруы мүмкін», – деп болжам жасады сарапшы.

Сивков алпауыт елдердің, мысалы, Түркияның ішкі проблемалары олардың өз ішінде азаматтық соғыстың басталуына себеп болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Сарапшы «АҚШ, Израиль, НАТО елдері мен олардың Парсы шығанағы монархияларындағы одақтастары Иранға қарсы басқыншылық жасауы ықтимал» екенін де атап өтті.

«Бұл өте ауқымды жергілікті соғыс болады», – деп жазады маман. Сарапшы мұндай соғыс пайда болған жағдайда «Иран зымыран-ядролық бағдарламасын қайта қолға алады немесе ол Парсы шығанағы жетекші елдерінің бірімен, біріншіден, Сауд Арабиясымен қақтығысады» деп есептейді.

Оның айтуынша, Йеменде соғыс жалғасады. Ал Шығыста орта мерзімді болашақтағы әскери қақтығыстардың негізгі көзі Корей түбегіндегі қайшылықтар болады, даулы арал үшін Жапония мен Қытай, ал Куриль аралы үшін Жапония мен Ресей арасында ши шығады.     

Сурет / © Sputnik / Михаил Алаеддин


Новости партнеров