Еліміздің оңтүстігінен солтүстік аймағына қоныс аударушылар саны артып келеді

22.08.2018 16:00

Елдің оңтүстік аймағында еңбек ресурсының тым артып кеткені байқалады, деп хабарлайды otyrar.kz

Мамандардың есебінше, бұл бәсекелестік тұрғыдан айтарлықтай басымдық туғызады және Қазақстанның өзге аймақтарындағы жұмыс күшінің тапшылығы мәселесін шешуге ықпалын тигізеді.

Биыл жыл басынан бері еліміздің солтүстік аймағына 188 отбасы көшкен. Сонымен қатар өткен жылдың 12 айында Түркістан облысынан 193 отбасы солтүстік өңірге қоныс аударған. Бұл туралы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері хабарлаған.  

Отбасының әр мүшесіне 76 мың теңге көлемінде көшерпұл қарастырылған. Сондай-ақ қоныс аударушы отбасы баспана жалдау мен коммуналдық қызметтер төлемдеріне бөлек ақша алады. Ол ақшаны бірыңғай төлемақы ретінде бірден алып, тұрғын үй сатып алуға да болады. Тұрғылықты мекенжайын өзгертуге шешім қабылдағандар солтүстік аймақта педагог, дәрігер сияқты мамандықтар бойынша жұмысқа орналасып немесе ауыл шаруашылығымен айналысуда.  

фото Sputnik