Ақмола облысының тұрғындары көктемдегі су тасқынымен күресуде

Ақмола облысының тұрғындары көктемдегі су тасқынымен күресуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Теріскейдегі тасқынның қаупі қайтар емес.  Астана каласынан 50 шакырым қашықтықта орналаскан Семеновка ауылын 3 күннен бері су басып жатыр. 1 мыңнан астам тұрғыны бар елді мекенде 30-дан астам үй су астында қалған. Әбден үрейленген тұрғындар тіпті үйдің шатырына түнеп жүрген көрінеді.

«Барлығымыздың үйіміздің іші тізеден суға толды. Осымен үшінші күн болды, су ағыны толастаған жоқ. Әкім барлығы бақылауда дейді, бірақ біз неге әлі тізеден су кешіп жүрміз? Мұндай жағдай осыдан 30 жыл бұрын болған еді. Енді міне тағы қайталанып отыр. Бұрынғыдан сабақ алып, төтенше жағдайға қамданып отыру керек еді ғой. Ешқандай нәтиже жоқ, барлығымыз суға баттық. Тіпті үйлер құлап жатыр. Көлікке түнеп, ұйқы көрмей жүрміз. Өйткені, көрші ауылдардан бөтен адамдар келіп, көшемізді кезіп жүр. Үйлерімізді тонайма деп қауіптенеміз», - деді ауыл тұрғыны Галина ГАРИЗАНОВА.

Ал, округ әкімі орын алған жағдайға қатысты пікір білдірді. Қазіргі таңда елді мекенде 20-ға жуық төтеншеліктер мен 100-ге жуық ауыл тұрғындары тасқынмен өз беттерінше күресіп жатыр. Ал, қауіпті аймаққа жұмылдырылған арнайы техниканың саны 10 шақты ғана.


Новости партнеров