Ақтөбеде мұнай ұрлығына қатысты сот басталды

Ақтөбеде мұнай ұрлығына қатысты сот басталды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбеде «Төрт ағайынды» қылмыстық тобына қатысты сот басталды. «Мұнай ұрлады» деген айыппен жауапқа тартылғандар қатарында 26 адам бар. Алдын ала тыңдау барысында қылмыстық топтың басшысы саналатын Еркін Ізбасар өзінің денсаулығына шағымданып, судья қойған сұрақтарға толықтай жауап бере алмады. Дәлірек айтсақ, ол балаларының қай жаста екендігін ұмытып қалғандығын тілге тиек етті. Естеріңізге салсақ, сотталушыларға еліміздің Қылмыстық кодекстің «Мұнайдың және мұнай өнiмдерiнің шығарылу заңдылығын растайтын құжаттарсыз оларды тасымалдау, иемдену, өткiзу, сақтау, сондай-ақ мұнайды қайта өңдеу», «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу» баптары бойынша айып тағылып отыр. Жалпы, 26 адамның 17-сі сот залына тәртіп сақшыларының бақылауымен жеткізілсе, қалған 9-ы қолхат жазып босатылғандар. Сотталушылар мүддесін 40-тан астам адам қорғауда.


Новости партнеров