Ақтөбедегі тележүргізушінің өлімі: ЖШС директоры мен механик сот алдына келді

Ақтөбедегі тележүргізушінің өлімі: ЖШС директоры мен механик сот алдына келді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ақтөбедегі № 2 сотта тележүргізуші Айзат Әбдісаматтың өлімі бойынша алдын ала сот отырысы өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осы қылмыстық іс бойынша, «Жанабек Сервис» ЖШС негізін қалаушысы әрі директоры Кенен Жанабеков пен механик Жарылқасын Ақжанов (лифтіде жөндеу жұмыстарын жүргізген) сот алдына  келді. Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабының 3-бөлігі бойынша («Қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету») қылмыстық ереже бұзушылық жасады деп айыпталып отыр.

Сот судья Ербол Әбдіқалықовтың төрағалығымен өтті. Басты сот отырысы енді 13 тамызда өтеді. Өз кезегінде «Жанабек Сервис» ЖШС директоры Кенен Жанабеков журналистерге өзінің еш кінәсі жоқ екенін айтады.

«Менің бұл жағдайда кінәм жоқ. Лифтпен айналысатын адамды жалдадық. Механиктің тәжірибесі бар. Бірақ жөндеу жұмыстарынан кейін бір ақаулар шығып қалған», – деді ЖШС директоры Кенен Жанабеков.

Еске сала кетейік, 4 сәуірде Ақтөбеде лифтке кірмек болған әйел адамның аяғы жұлынып кеткені хабарланған еді. Оқиға 4 сәуірде 12-ықшамаудандағы №19 үйде болған. Әйелдің лифтке 3 жастағы баламен кіргені айтылады. Дәрігерлердің айтуынша, ол лифт кабинасына толықтай кіріп үлгермеген. Әйел кірер кезде лифт есігі жабылып, бірден жүріп кеткен.

Сондай-ақ, осыған дейін лифтте қаза тапқан әйелдің жолдасы оқиғаның қалай болғанын айтып берген еді.


Новости партнеров