Алматыда Алатау ауданының тұрғындары бір мезетте 21 мемлекеттік мекемеден қызмет алуға мүмкіндік алды. Одан бөлек, мамандар ғаламтор арқылы жұмыс істеудің қыр-сырын үйретті. Бұған қоса, электронды қолтаңбаларын да алды. Жәрмеңке барысында қала тұрғындары ең жиі сұранысқа ие жер қатынастары, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және денсаулық сақтау салалары бойынша кеңес алып, «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы осы қызметтерді пайдалану жолын үйренді.
«Жас отбасы қалай пәтер ала алады?» деген сауалыма жауап алдым. Сонымен қатар менің өсіп келе жатқан балам бар. Электронды портал арлықы баламды балабақшаға орналастыру туралы ақпар алдым. Сонымен қатар, өзімнің денсаулығым сыр беруде. Сондықтан жұмыстан шықтым. Емханада міндетті әлеуметтік медициналық көмек қызметі бойынша ем қабылдау қалай жүретігдігі туралы білдім», - деді Арман ИСМАИЛОВ.