|
03.04.2018 | 12:09
16430

Алматы облыстық №1 балалар үйіндегі тәрбиеленушілерінің саны жыл өткен сайын азаюда

Алматы облыстық №1 балалар үйіндегі тәрбиеленушілерінің саны жыл өткен сайын азаюда

Алматы облыстық №1 балалар үйіндегі тәрбиеленушілерінің саны жыл өткен сайын азайып жатыр. Осыдан екі жыл бұрын бұл жерде 197 бала болса, қазір 122 бала қалған. Басшылар бұның себебін жетімдерді асырап алуға ниетті адамдар санының артуымен түсіндірді. Әрбір жетімді асырап алған адамға мемлекет қамқорлық көрсетіп, ай сайын ақша бөліп отырады. Бірақ олардың алушылардың арасында баланы қолғанат ретінде көріп, әрі мемлекеттің ақшасын алу мақсатында пенделікке баратындарда бар көрінеді. Тек соңғы рет асырап алынған сегіз баланың жағдайы жақсы болмаған соң кері қайтып келген.

«Ата-аналарды шақырып, еріктілерді де шақырып, осында Наурыз мейрамын өткізіп жатқан жайымыз бар. Қазіргі таңда біздің балалар үйінде сегіз ұлттың өкілі тәрбиеленіп жатыр. Бәрінің жағдайы жақсы. Балалар үйі қоғамға толықтай ашық деп айта аламын. Ешкім кірмесін, жоқ деген әңгіме жоқ. Бүкіл республикалық база бар. Базадан баланы көруге болады. Сол арқылы бізге келіп, балаларды асырап алуға болады», - деді Алматы облыстық №1 балалар үйінің директоры Гүлмира ҚОНДЫБАЕВА. 

Бағанашылдағы балалар үйінде алғаш рет киіз үй тігіліп, әз-Наруыз кең көлемде тойланды. «Ата-ананың ықыласына зәру, ұлттық салт-сана, қазақы дәстүрден ада қалып келген жеткіншектерге жаңа жыл, яғни Наруыз мерекесінің берер тәрбиесі мол» - деді салтанатты шараға келген қонақтар.

«Мұнда бізді киіз үйді тігуге үйретеді, Наруызда қазақтың ұлттық тағамдарын дайындауға үйретеді. Бұл мерекеге біз көп уақыт дайындалдық. Костюм тіктік. Концерттік әндер дайындадық», - деді  Алматы облыстық №1 балалар үйінің тәрбиеленушісі  Артем ОСМАНОВ.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир