Алматының инвестициялық климаты халықаралық талапқа сай. Қаладағы инвестициялық жобалардың үлесі 25 пайызға артқан. Қолдаудың басым бөлігі 12 түрлі бағытқа арналған. Сонымен қатар, туризмды дамыту үшін алдағы жылдан бастап 55 мемлекетке визасыз жүйе енгізіледі. Бұл туралы еліміздің инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Хаиров "Алматы инвест - 2016" 4-нші халықаралық төртінші форумда айтты. Елімізде қазір кәсіпкерлерді үш деңгейлі қолдау жүйесі жұмыс істейді. Вице-министрдің айтуынша, инвестицияны тиімді пайдалану үшін трансұлттық компанияларға басымдық беру керек. Себебі, олар елімізге ауадай қажетті саланы дамытады. Қыржыгерлердің қолдауымен биылғы жылы 10 ірі кәсіпорын ашылған, келесі жылы олардың қатары 12 кәсіпорынға артпақ.
«Елімізде кәсіпкерлерді қолдауға арналған үш деңгейлі жүйе бар. Осы
жүйе арқылы жыл басынан бері виза беруден бастап, рұқсат беруші құжаттар сынды
4 мыңнан аса мемлекеттік қызмет көрсетілді. Бізге 90-ға жуық өтініші келіп
түсті. Оның 60-тан астамы кәсіпкерлердің мүддесіне шешілді»,- деді ҚР инвестициялар және даму вице-министрі, Ерлан ХАИРОВ.
Ал, еліміздің ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев болса, несиеге арналған жылдық үстеме көлемін 4 пайызға дейін азайту туралы жоспар жасаған. Бас банкирдің айтуынша, алдағы жылғы инфляция көлемін 6-8 пайыз арасында ұстамақ. Бұл көрсеткіш 2020 жылы 4 пайызға дейін төмендейді дейді. Айта кетейік, жыл басынан бері елімізге тартылған шетелдік инвестиция көлемі 12,1 млрд. долларға жетіпті.