Алматыда мүгедектердің баспанасын алдап сатқан алаяқтар іздестірілуде

15.02.2017 15:03

Алматының Әуезов ауданында мүгедектердің баспанасын алдап, сатып жіберген алаяқтар әлі табылмай келеді. Салдарынан әкелі-балалы екеу енді далада қалмақ. Кембағал жандардың кемістігін пайдаланған Өзбекстан азаматшасы 4 ай жалға алған екі бөлмелі пәтерді  қысқа уақыттың ішінде сатып, қаржысын қалтасына басқан екен. Артынша, ізін суытқан. Ал үйдің жаңа иесі психикалық ауытқуы бар кембағал жандардан баспананың бағасын қайтаруды немесе үйді босатуды талап етіп отыр.

Әуезов ауданындағы екі бөлмелі пәтер. Аумағы қырық шаршы метрден аспайтын ескі үйде 51 жастағы  Тұрсынжан Азанбакиев ұлымен бірге тұрады. Екеуі де жарымжан. Психикалық ауытқуы бар екі адам да ауруханада тіркеуде тұр. Мүгедектік үшін берілетін зейнетақыға жәрдем болсын деген желеумен немере туыстары өзбекстандық Насиба Декханова есімді келіншекке пәтердің бір бөлмесін жалға берген.

«Ағамды өзбекстандық келіншек психикалық аутқуы барлардың ауруханасына жіберген. Сосын он бес күннің ішінде пәтерді сатып, алдау арқылы ағама, яғни есін білмейді деп танылған адамға сату-сатып алу келісімшартына қол қойдырған. Алушыны да өзі тапқан, риэлторды да, нотариусты да өздері тауып, құжаттарды рәсімдеген. Бірақ анамыз қайтыс болғандықтан, пәтердің заңды мұрагері менмін құжат жүзінде», - деді пәтердің заңды мұрагері  Эльмира ДҮЙСЕНОВА.

Бұған дейінгі болған сот отырысында мүгедектердің баспанасын сату заңсыз деп танылсын деген шешім шыққан. Алайда  жаңа қожайын аппелациялық шағым түсіріп, ақшаны қайтаруды талап еткен. Бірақ жарымжансыз сауда жүргізіп, ақшаны алған өзбекстандық әйел бастаған адамдар табылмағандықтан қаржыны қайтару мүгедектерге міндеттелген. Егер талап орындалмаған жағдайда пәтер сатылып, қожайынға қаржы қайтарылуы мүмкін. Ол кезде қос мүгедек далада қалып қоюы бек мүмкін. Ал, пәтердің құжат жүзіндегі мұрагері саналатын Эльмира ағасының алданғанын кеш білсе де, әділетті аудандық прокуратурадан іздеп, арызын өткізді.

«Мүсекенова деген ең бірінші сатып алуыш. Сот соның пайдасына шешкен. 5 миллион бойынша қазір квартира сатылып кеткен.  Жеке сот орындаушы келісім шартқа қол қоймай отыр. Өйткені Азанбековтың құқықтары бұзылған бұл жерде. Электронды сауда дұрыс жүргізілмеген», - деді адвокат Мақсат ӘШІМ.  

Екі жылда екі рет электронды түрде сатылған мүгедектердің пәтерін сатушы мен  алушылар нарық құнынан екі есе арзан бағаға бағалаған. Заңды мұрагер әйел бұл жерде арнайы бірлескен топ бар. Әлсіз адамдарды арнайы тауып, құрбандарын алдап соғуға әрекеттенген жалғыз өзбекстандық келіншек емес деп санайды. Оның үстіне құқық қорғау орындарының құлшыныс танытпауыда көңілге күдік ұялатады. Жалпы соңғы кезде пәтер алаяғы Алматыда артып, қулыққа барған қылмыскерлерден зардап шегушілер саны өскен.

Небәрі 4 айға пәтерді жалға алған Өзбекстан азаматшасы пәтерді сатып, өзі жоқ болған. Қазір бұл жерде екі мүгедек тұрып жатыр. Арада екі жылға жуық уақыт өтседе неге екені белгісіз Әуезов аудандық Ішкі істер бөлімінің қызметкерлері алаяқ азаматшаны әлі күнге таппай келеді - мыс. Шағымданушылардың арызын қабылдаған осы ауданның прокуратурасы бізге сұхбат беруден бас тартты.