Алматы әкімі Қазақстандағы Ұлыбритания елшісімен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады. Қала басшысы Ұлыбританияның иноовациялық даму саласында мол тәжірибе жинақтағанын және Лондон мен Манчестердің үлгісі бойынша Алматыда «Smart city» жобасын жүзеге асырудың тиімді екенін атап өтті. Алматы мен Ұлыбритания арасындағы тауар айналымында оң динамика қалыптасып, былтыр 2016 жылмен салыстырғанда 54,7%-ға өсіп, 275 млн АҚШ долларын құраған. Қазіргі кезде Алматыда британдық капиталдың қатысуымен 114 кәсіпорын жұмыс істейді.