Алматыда заңсыз салынған 4 дүңгіршек жермен-жексен етілді

08.08.2017 16:26

Алматыда заңсыз салынған 4 дүңгіршек жермен-жексен етілді. Аялдама кешенінде орналасқан сауда орындары қала көркіне нұқсан келтірген. Шенділер кәсіп иелеріне осыған дейін бірнеше рет ескерту жасапты. Алайда, олар жергілікті билік өкілдеріне құлақ аспапты.      

«Медеу ауданында соттың шешімімен Гоголь көшесінде орналасқан аялдама бекетін сүріп жатырмыз. Жалпы Медеу ауданы бойынша жыл басынан бері 150-ден астам дүңгіршектер жойылды. Қазір қалғандары бойынша жұмыстар жүріп жатыр. Біз алдын-ала сот орындаушысымен келіп, дүйсенбі күніне демонтаж жұмыстары жоспарланған деп ескерттік», - деді Медеу аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіпті дамыту бөлімінің басшысы Берік СҰЛТАНБАЕВ.  

Медеу ауданында жыл соңына дейін тағы 11 дүңгіршек бұзылмақ. Жалпы Алматы қаласы бойынша жыл басынан бері 800-ден астам рұқсатсыз сауда орны сүріліпті. Тұрғындар бұл бастаманы қос қолдап мақұлдауда.


Теги: киоски