Алматыда көлік қызметкерлерінің күні аталып өтті

08.08.2017 16:31

Алматыда көлік қызметкерлерінің күні аталып өтті. Сейфуллин саябағында Түрксіб ауданының әкімі мамандарды мейрамдарымен құттықтап, белсенді жұмысшыларды алғыс хатпен мараппатады. Жалпы, Түрксіб ауданында 16-ға жуық темір жолға қатысы бар компания жұмыс істейді. Халықаралық әуежайда 3 мыңнан аса қызметкер еңбек етеді. Сонымен қатар, 2 муниципалды автобус паркі бар.

«Көлік қызметкерлерінің мамандары өздерінің жеткен жетістіктерімен бөлісті. Ұсыныстарын айтып, шешілмей жатқан түйіткілді талқыладық. Менің ойымша, ұжым ұйымшыл болса, кез келген мәселені шешуге болады», - деді  Түрксіб ауданының әкімі Владимир УСТЮГОВ.