Алматыда 3 мыңнан астам әке туған балаларынан безіп алимент төлеуден жалтарып жүр

Алматыда 3 мыңнан астам әке туған балаларынан безіп алимент төлеуден жалтарып жүр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда 3 мыңнан астам әке туған балаларынан безініп, алимент төлеуден жалтарып жүр. Олардың берешегі 16 млн теңгеге жеткен. Бұл туралы қалалық прокуратура мәлімдеді. Құзырлы орган әуелгі тексеріс кезінде шаһарда 28 мыңнан астам ер азаматтың, 45 млн теңгеге жуық мөлшерде алимент төлемей жүргенін анықтаған. Осыған орай, прокурорлар 87 борышкерді әкімшілік жауапқа тартыпты.  Олардың 57-сін тіпті қамауға алған болса, қалғаны тек айыппұлмен құтылған. Қазіргі кезде алимент төлеуден қашқан 42 азаматқа іздеу салыпты. Белгілі болғандай, олар мекен-жайы көрсетілген тұрғылықты жерінен табылмаған.

«Тексеру жүргізу барысында әр борышкерге телефон арқылы хабарласу барысында, осы электронды нелер арқала тексеру барысында 1200-ден астам борышкерлердің жұмыс орны бар екені анықталды. Сол себепті, ол атқару өндірістерін жұмыс орнына жолдадық, алименттің берешегін өндіру бойынша»,- деді Алматы қалалық төртінші прокуратура басқармасының прокуроры, Еркін ТІЛЕШОВ.

 

Новости партнеров