Алматыда заңсыз тұрған ғимараттар сүрілуде

Алматыда заңсыз тұрған ғимараттар сүрілуде
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда ойынхананың маңынан заңсыз салынған қосымша ғимарат жермен жексен етілді. Өйткені Төле би мен Гаидар көшелерінің қиылысындағы нысан иесі құрылыс салу үшін тиісті құжаттарды алмаған. 20 жылдан бері мемлекетке тиесілі аумақта кәсібін дөңгелеткен кәсіпкерге ақпан айында ғимаратты сүру туралы сот шешім шығарған. Одан кейін де Алмалы ауданы әкімдігі ауызша ескерту жасап кетіпті. Бүгін нысан иесі аумағы 80 шаршы метр болатын екі қабатты ауыр техника әкеліп, өз еркімен сүрді. Ауданда осы тектес заңсыз жолмен салынған ғимараттар жаппай жойылады.

«Заңсыз салынған дүңгіршектер мен заңсыз салынған нысандардың жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мына бүгінгі күні 21 дүңгіршек, 24 нысан бұзылды. Көбінесе жаңағы заңсыз салынған нысандардың иелері өз күштерімен бәрін бұзып алып кетіп жатыр»,-деді Алматы қаласы алмалы аудандық коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы  ¤Дәулет ЕШМҰРАТОВ.

Айта кетейік, Алматыда 1700-ге жуық заңсыз орнатылған дүңгіршектердің бары анықталды. Қазір оның 1500-ден астамы толығымен бұзылды. Оған қоса, рұқсатсыз  қойылған темір қоршаулар мен шлагбаумдар да жаппай алынып жатыр.

Новости партнеров