Алматылықтарды үйлеріндегі ит пен мысықты тіркеуге тұрғызуға міндеттеуі мүмкін

Алматылықтарды үйлеріндегі ит пен мысықты тіркеуге тұрғызуға міндеттеуі мүмкін
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматылықтарды үйлеріндегі ит пен мысықты тіркеуге тұрғызуға міндеттеуі мүмкін. Үй жануарлары қаңғыбас атанып, қараусыз қалса - иелеріне қомақты айыппұл салынуы да не ғайбыл. Қала шенділері еріктілердің өтінішін мақұлдап, алдағы уақытта арнайы нұсқау енгізбек.

«Итте иттік жасауымыз керек». Мұндай пікірдегі белсенді жастар қаңғыбас төртаяқтыларды жаппай өлтірмеу керек дегенді алға тартады. Өйткені, иесіз жүрген төбеттерді арнайы орталыққа алып келіп, 3 күннің ішінде иесі табылмаса, ине  салып жарты сағаттың ішінде сеспей қатырады екен. Ал үй жануарының кімге тиесілі екенін анықтау тіпті қиын. Осы ретте оларды тіркеуге қойып, қажетті құжаттарын реттеп алған абзалырақ-мыс.

«Қаңыбас иттерді аулау үшін әрбір итке күніне кем дегенде 6 мың теңгеден бөлініп отыр. Бұл аз ақша емес. Сондықтан бұл қаржыны мардымды іске жұмсаған жөн. Иесіз иттерден құтылудың амалын жасағанша, оларды күтіп баптайтын жақсы орын қажет. Ал үй жануарына дұрыс қарамайтын  иелерге айыппұл арқалату керек», - деді «Мейірімді қала» жұмыс тобының мүшесі Елизавета ДЮМИНА.

Айыппұлды айтпағанда, үй жануарын ұстағанызың үшін салықты да дер кезінде төлеуіңіз әбден мүмкін. Бұл тәжиірбенің бәрі шет елдерден алынған. Қазір бұл мәселе біздің елде де қызу талқылануда. Ал алдағы 3 жылдың ішінде жеке - меншік серіктестік жобасы бойынша иесіз қалған төраяқтыларға арналған арнайы нақты нысандар пайдалануға беріледі.

«Ол жерде инвесторлар тартылатын болады. Мемлекеттік бір изолятор болады, қалған 10-ны ол жекеменшік болады», - деді Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Айдын КЕРІМБЕК.

Алматыдағы жалғыз орталыққа күніне кем дегенде әр ауданнан 10-ға жуық  ит жеткізіледі екен. Олардың басым бөлігі шеткері аймақтарды паналайтын көрінеді. Айтқандай, ит керек болса, осы орталықтан асырап алуға болады. Ал үй жануарының барлығына куәлік алып, олар үшін салық төлеуге тұрғындардың пікірі сан қилы.

Естімеген ел де көп. Дамыған мемелекеттерде үй жануарның иесі алты айлық күшіктен бастап жылына кем дегенде 10 еуро салық төлеуге міндетті.  Ал кісіні қауып алған жағдай болса, оны үйретпеген тағы да сол иесі 300 еуро көлемінде  айыппұл арқалайды екен. Тіпті, серуендеп жүргенде итіңіздің артынан жинамасаңыз да, қалтаңыздан 15 еуро шығаруыңызға тура керек. Алысқа бармай, бізге жақын Украинаны алсақ, онда да қазір  жоғалған иттерді тездетіп табу үшін оларға арнайы чиптер орнатпақ. Ал Белорусь елінде төртаяқтының бойына қарай салық төленеді екен. Бізде мұндай өзгерістер 2018 жылға дейін қабылдануы бек мүмкін.  

Әйкерім Ердәулетқызы, Әсет Құндақбаев, «Алматы» телеарнасы


Новости партнеров