Алматыда спорт алаңы ашылды

04.08.2017 16:55

Алматыда тағы бір спорт алаңы ашылды. Бостандық ауданында орналасқан ойын ауласына көбінесе жақын маңдағы жатақханада тұратын көп балалы отбасының бүлдіршіндері келеді екен. Шамамен, олардың саны 100-ден асып жығылады. Айта кетерлігі, балақайларды аптасына 6 рет инструктор келіп тегін жаттықтырады.

«Біріншіден бизнесмен алаңдарды соғады, мемлекет жаттықтырушы береді, жабдық береді, ал жергілікті ПИК жетекшілері осыны қарап, тазалап отырады. Сосын біз инструкторларды біз көшеден алмаймыз, жұмыспен қамту орталығынан жұмыссыз жүрген жаттықтырушыларды іріктеп аламыз»,- деді Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Әбіл ДОНБАЕВ.

Биыл мұндай 175 пилоттық  жоба іске аспақ. Келесі жылы 150 спорт алаңы ашылады. Ал 2019 жылға дейін бас-аяғы балаларға арналған 600 ойын аумағы қолданысқа берілмек.