|
09.07.2018 | 11:13
6663

Алматыда қала күніне ең үлкен құрақ көрпе сыйға тартылады

Алматыда қала күніне ең үлкен құрақ көрпе сыйға тартылады

Әлемдегі ең үлкен құрақ көрпе Алматының қала күнінде тарту етіледі. Ұйымдастырушылар туындыны жасауға әр тұрғынның үлес қоса алатынын айтып отыр. Оны тігуге ат салысқан азаматтың есімі тарихта қалады. Атап өтерлігі, құрақ көрпенің жалпы көлемі 27 мың шаршы метрден аспақ. Осылайша, әлемдегі ең үлкен көрпе бойынша рекорд орнатқан Португалияның Порто қаласын басып озбақ. Оның көлемі 400 шаршы метрді құраған.  

«Құрақ көрпе қазір 70 пайызға дайын. Акцияға тұрғындар ерекше ілтипат білдіруде. Оған қатысуға ниет білдіргендер де жетіп артылады. Жоғарғы оқу орындары, колледждер өз үлесін қосуда. Тұрғындар маталарды әкеп, не болмаса құрақ көрпешені тігіп алып келуіне болады», – дейді  Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапхана жүйесі бөлімінің меңгерушісі Наталья КОВАЛЕНКО.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир