Алматыда қар тазалауға 600 техника мен 2 мыңнан астам маман жұмылдырылды

Алматыда қар тазалауға 600 техника мен 2 мыңнан астам маман жұмылдырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда түстен бері жауған қардың биіктігі 10 см-ден асып кетті.  Ақ ұлпаны тазалауға бірден 600 техника мен 2 мыңнан астам маман жұмылдырылды. Коммуналшылардың сөзінше, жұмыс істеп жатқан техниканың көбі шетелден жеткізілгендер. Олардың дені смарт құрылғылар екен. Бірі, жүргінші жолында төселген тасқа зақым келтермесе, екіншісі, жолдағы асфальтты жырмайтын құрылғымен жабдықталған.

«Биыл арнайы 87 техника жаңа алынды. Оның саны шамамен 950-ге жетті. Ол, Италия, Германия елдерінен алынған арнайы техника. Ол кішкентай техника, осы жаяу жіргіншілердің жолдарын тазалауға арналған. Өте тез жұмыс істейді. Бұрынғы техникаға қарағанда үлкен аумақты қамтиды», - деді Алматы қаласы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының баспасөз хатшысы Айжан КЕНЖЕБЕКОВА. 

Қалада алдымен магистрльді көшелер, кейін орталықтың, соңында шаһардың шеткі аудандары тазаланады. 

«Қар тазалаған кезде қиындықтар, жолдың бойына машиналар қойып кетеді. Сол машиналар кедергі жасайды. Сол машиналар кедергі жасап, жол бойы таза болып тазаланбай қылыды», - деді  "Алматы тазалық" МКК жүргізушісі Ерлан ТАЙТАЛИЕВ.

Новости партнеров